Қазақтың классик жазушысы, балалар әдебиетінің қаламгері Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл
Балалар әдебиетінің бәйтерегі-Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына тұспа тұс келген Халықаралық кітап күні сәуірдің 23-ші жұлдызы аталып өтуде. Қазақ әдебитетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы өз шығармаларымен талай оқырманды тамсандырған. Бүгін өткен атаулы іс -шараның мақсаты да осы. Жазушының еңбектерін жастарға насихаттау.Мерекелік іс-шарада қалалық көркемсурет лицейінің ұстазы Бақыт Көпжасаров «Кітап бетбелгісі» атты шеберлік сағатын өткізді. Ұшқыр ойды бояумен бейнелейтін, тіл жеткізе алмаған ойды суретке түсіретін қыр-сырлар көрсетілді. Сонымен қатар «Графика мен кітап әлемі», «Жаңа әдебиеттер әлемі», «Жаңа кітаптар жаңалығы», «Кітап - рухани мұра» атты жаңа заманауи кітаптар жиынтығына шолу жасалды. Шараға жергілікті ақын, жазушылар, зиялы қауым, педагогтер мен мектеп оқушылары қатысты. Шара барысында қонақтар «Берен талант Бердібек» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, бейне материалды тамашалады.Количество показов: 474
Дата создания: 24.04.2024 05:33:27