Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл
Биыл қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл. Айтулы күнге орай қаламызда батыр рухына тағзым ету шарасы ұйымдастырылды. Ал музейде "Әлия" патриоттық клубының қатарына жаңа мүшелер қабылданды. Мүшелер қатарына Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары қосылды.Небәрі 18 жасында соғысқа аттанған батыр қыздың ерлігі ел есінде. Мерген қыздың туған күніне орай арналған іс-шара батыр рухына тағзым етуден басталды. Жиналғандар батыр қыздың рухына құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қойды. Кейін мерейтойлық шара облыстық музейде жалғасын тапты. Мұнда Әлия патриоттық клубының қатары жаңа мүшелерге толықты. Клуб 1986 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде бұл клубтан Әлиядай елін жерін сүйетін жүздеген бойжеткен шыққан. Биыл 40 жылдық тарихы бар клуб мүшелігіне Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары қабылданды. Салтанатты жиында оқушылар ант беріп, клуб мүшелігіне өтті. Клуб мүшелері түрлі кездесулерге, байқаулар мен патриоттық іс-шараларға тұрақты қатысады. Сонымен қатар, мұнда олар музейде экскурсия жүргізуді үйреніп, қонақтарға батыр қыздың өмір жолын таныстырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, клубтың басты мақсаты нағыз патриот аруларды тәрбиелеу. Оларды қоғам ішіндегі белсенділікке баулу. Айта кетейік, клубқа мектеп оқушыларынан бастап, ниет білдірген кез келген ару мүше бола алады.Әлия Молдағұлованың ерлігі өскелең ұрпаққа рух пен жігер сыйлауды жалғастырып келеді. Оның жолын үлгі еткен жас буын патриоттық клуб арқылы тарихты танып қоймай, елге қызмет етудің маңызын терең түсінеді.Количество показов: 12
Дата создания: 16.06.2026 05:46:07



















