Қазақстанда төрт мыңға жуық заңсыз полигон анықталды
Премьер-министр Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» бастамасының жүзеге асырылуын бақылауға алды. Алда «Таза Қазақстан» бастамасын қадағалауды күшейту үшін бақылау орталығы құрылады. Олжас Бектенов өңірлерге рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жоюды жеделдетуді талап етті. Экология министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда төрт мыңға жуық заңсыз полигон анықталған және олардың басым бөлігі жойылғанымен, кейбір облыстарда, соның ішінде Ақтөбеде жұмыс қарқыны төмен. Премьер-министр әкімдік қызметкерлеріне бақылауды күшейтіп, жыл соңына дейін стихиялық қоқыс үйінділерін жоюды аяқтауды тапсырды. Өңірлердің экологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін сегіз жаңа Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны пайдалануға берілді. Қалдықтарын жинау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша, оның ішінде кәдеге жарату алымынан түсетін қаражат есебінен жалпы құны шамамен 89,4 млрд теңге құрайтын 22 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жалпы, Кешенді жоспарда қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша 100 полигон салу көзделген. Күн тәртібінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында еліміздегі алғашқы қоқыс өртейтін зауыттарды салу мәселесі де қаралды. Үкімет «Таза Қазақстан» бастамасы бір реттік шара емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарлама екенін атап өтті. Ерекше көңіл жұмыс сапасына және қоршаған ортаны қорғауға азаматтардың атсалысуына бөлінеді. Билік жағдайды үнемі бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.Количество показов: 9
Дата создания: 06.12.2025 09:28:28



















