Қазақстан-Қытай серіктестігі артады
Қалада Халықаралық деңгейдегі маңызды іскерлік кездесу өтті. Өңірдің инвестициялық әлеуетін жақсартуға бағытталған бұл шарада Қазақстан және Қытай арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр. Іс-шараның ресми ашылуында облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов сөз сөйледі. 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 32,7 пайызға өскен. Өткен жылы жалпы құны 180 миллиард теңгені құрайтын 10 жоба іске асып, ал биыл 2 триллион теңге инвестиция тарту көзделіп отыр дейді облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов. Оның айтуынша, "инвестиция тарту - еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір приоритетті маңызды салалары". Бүгін "Business kezdesu: Kazakhstan and China" іскерлік кездесуі ұйымдастырылды. Шара Мемлекет басшысының инвестициялық белсенділікті арттыру жөніндегі тапсырмалар аясында, өңірде "инвестициялық тапсырыс" механизмін іске асыру мақсатында өтті. Қытай Халық Республикасының Ақтөбедегі бас консулы Го Юй құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімшілігіне өз ризашылығын білдірді. Іс-шараның маңыздылығын да атап өтті. Кездесу барысында аймақтың экономикалық дамуына серпін беретін негізгі алаң - "Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Количество показов: 13
Дата создания: 28.03.2026 07:24:52



















