Қазір мұз үстіне шығу аса қауіпті
Шаһардағы Елек өзенінің мұз қабаты жұқарып, еріп жатыр. Қазіргі уақытта су жиегіне жақындап мұз үстіне шығу қауіпті. Көктемгі кезеңде мұздың қалыңдығы біркелкі болмайды. Өзенге түсуге, мұз үстіне жүруге және балық аулауға тыйым салынады. Сол себепті тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады. Мамандардың айтуынша, су тасқыны жағдайын бақылау аясында өзендер мен су қоймаларында аэровизуалды тексеру жұмыстары жасалды. Су тасқынын алдын алу мақсатында көктемгі шаралар жүзеге асып, Ойыл, Ырғыз, Үлкен Қобда, Елек тағы да басқа өзен аумақтарында мұзды жару жұмыстары жүргізілді. Бұл барлығы 19 мың шаршы метрді қамтиды.Количество показов: 11
Дата создания: 27.03.2026 03:46:25



















