Айыппұлдар аясы кеңейеді
12 наурыздан бастап күнделікті құқық бұзушылықтар бейнебақылау камералары арқылы тіркетелетін болады. Қоқыс тастау, темекі шегу, белгіленбеген жерде жолдан өту секілді құқық бұзушылықтар автоматтандырылған жүйе арқылы анықталады. Деректер мемлекеттік базалармен расталған жағдайда айыппұл автоматты түрде тағайындалады. 2026 жылы тасталған қоқыс немесе темекі шоқтары үшін айыппұл 43 250 теңгені құрайды. Қала тұрғындары бұл істің адамдардың қауіпсіздігін күшейту жолындағы қолайлы бастама екендігін жеткізді. Осыған ұқсас тәжірибелер басқа елдерде де қолданылады. Қытайда бет-әлпет тану жүйелері арқылы жол қозғалысы мен қоғамдық тәртіп бұзушылықтары тіркеледі. Ал Сингапур мен Дубайда интеллектуалды камералар мен радарлар күнделікті ережелерді бақылауға мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер қалалық бейнебақылау жүйелерін тек қана бақылау құралы емес, күнделікті әкімшілік бақылау жүйесіне айналдырмақ.Количество показов: 8
Дата создания: 26.02.2026 07:27:24



















