Аймақтың экологиялық ахуалы қандай?
Жиында басқармадағылар өңірдегі мал ауруларына қарсы профилактикалық шаралардың нәтижелері туралы сөз қозғап, Прокуратура өкілдері болса ветеринарлық салада тіркеліп отырған құқық бұзушылықтарға тоқталды. Заң талаптарын бұзу фактілерін азайту және бақылауды күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді. Отырыста екі маңызды бағыт — ветеринарлық сала мен экологиялық ахуал қаралды. Алғашқы болып сөз алған облыстық ветеринария басқармасының өкілдері мен қаладағы жауапты мекемелер өңірдегі мал ауруларына қарсы профилактикалық шаралардың нәтижелері мен шешімін күттірмейтін түйткілдерді атап өтті. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу шаралары жоспарға сай жүргізілуде. 9 айда 10 миллионнан астам доза вакцина егілді. Бруцеллезге тексерілген 622 мың ірі қараның 0,5 пайызы, ал 1 миллионнан астам ұсақ малдың 0,05 пайызы ауруға шалдыққаны анықталды. Ережені бұзып, 63 бас малды аулаларда сойған тұрғындарға 2,4 миллион теңге айыппұл салынды. Биыл облыста аса қауіпті аурулардың 3 ошағы тіркелген, қазіргі таңда эпизоотологиялық ахуал тұрақты.Сонымен қатар, 122 сібір жарасы көміндісінен алынған топырақ сынамалары теріс нәтиже көрсеткен. Қоғамдық кеңес мүшелері алдағы уақытта ветеринария мен экология саласындағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде бақылауда ұстайтынын айтты. Жиын соңында қатысушылар табиғатты қорғау мен халық денсаулығына әсер ететін экологиялық және ветеринарлық қауіпсіздік бағытында бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөнінде ұсыныс білдірді.Количество показов: 21
Дата создания: 14.10.2025 10:38:44