Аймақтың белсенді ұстаздары марапатталды
"Педагогикалық идеялар панорамасы" конкурсы - педагогтердің инновациялық әдістемелік әзірлемелерін ұсынуға және тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаң. Конкурста жұмыстар функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттары бойынша бағаланды. Яғни, оқу, математикалық, жаратылыстану-ғылыми, цифрлық, қаржылық, көпмәдениетті және экологиялық сауаттылық бағыттары бар. Шара «Өрлеу» АҚ-ы мен «AMANAT» партиясы облыстық филиалдарының ұйымдастыруымен өтті. Венера Досайқызы - жас маман. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүргеніне небәрі 2-ақ жыл болса да, бүгінгі аймақтық сайыста бірінші орынды иеленді. Жас ұстаз Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінде қызмет етеді. Биыл облыс педагогтерінен 865 жұмыс қабылданған. Ал, республика көлемінде 16 мыңнан астам ұстаз байқауда бақ сынап жатыр. Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша бірінші орын иеленген үздік жұмыстар республика көлемінде сынға түседі. Ел бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.Количество показов: 40
Дата создания: 04.10.2025 09:30:11