Аймақ тарихынан жастар білімдерін тексерді
25 қазан - Республика күні қарсаңында қала жастары арасында "QUIZ TIME: IQ UP" зияткерлік сайысы өтті. Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған. Орталық ай сайын түрлі тақырыптарда осындай сауалнамалар, зияткерлік ойындар өткізеді. Ал бүгінгі ойын Қазақстанның мемлекеттік рәміздері мен аймақ тарихына арналды. Жастардың интелектуалды әлеуетін арттыру - жастардың бойында патриоттық сезімдерін, білімге, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін білуге құштарлық сезімдерін ояту, олардың интелектуалды сайыстарға деген қызығушылықтарын қалыптастыру - басты мақсат дейді ұйымдастырушылар. Ал, қазір қоғамда көкөкірек көздері ояу, саналы, ізденімпаз, рухы биік жастардың көптігі қуантады. "QUIZ TIME: IQ UP" зияткерлік сайысы 6 кезеңнен тұрады. Білім жарысында жастар түрлі тапсырмалар орындады. Логикалық, сатылық сұрақтарға жауап беріп, медиа, ортақ тақырып, бәс тігу және тапсырмалар кезеңдерінде белсендік танытқандар көп болды. 17 команда қатысушыларына шаһар тарихы, ақын-жазушыларымыздың өмірі мен туындылары, жалпы өңірге қатысты сұрақтар қойылды. Әр командада төрт бөлімнен бар. Қатысушылардың барлығы – колледж студенттері. Сайыста «Үздік капитан», «Үздік команда» секілді бірнеше номинация қарастырылған. Сайыс соңында жүлдегер командаларға бағалы сыйлықтар табысталды.Количество показов: 22
Дата создания: 23.10.2025 08:38:10