Аймақта ЖРВИ өршіп тұр
Облыста маусымдық тұмау өршіп, медицина ұйымдарына жүгінген науқастар саны артқан. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы аптада тұмау мен жедел респираторлық вирусты инфекциямен тіркелгендер көп. Әсіресе балалар және созылмалы ауруы бар азаматтар ауырып жатыр. Дәрігерлер тұмаудың алғашқы белгілері — дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, тамақтың жыбырлауы. Вирус жұқтырғанда өзін-өзі емдеумен айналыспай, дереу маманға қаралу қажеттігін ескертеді. Медициналық мекемелерде науқастар ағыны көбейгендіктен, қабылдау бөлімдерінде қосымша дәрігерлер жұмысқа тартылған. Ал ауырып жатқан азаматтарға үйде ем қабылдау тәртібі түсіндірілуде. Сондай-ақ мамандар вирустың таралуын болдырмау үшін жабық және адам көп жиналатын жерлерде маска тағуға, қол гигиенасын сақтауға, бөлмелерді жиі желдетуге кеңес береді. Дәрігерлер тұмау маусымы әлі жалғасып жатқанын ескертіп, тұрғындарды денсаулығына мұқият болуға шақырады. Ал ауру белгілері байқалған жағдайда өз бетімен емделмей, уақытында дәрігерге қаралу аса маңызды.Количество показов: 14
Дата создания: 19.11.2025 08:18:46



















