Аймақта қызылшаға ауруына шалдыққандар көп
Аймақта қызылшаға шалдыққандар саны күрт артты. 2025 жылдың қарашасынан бастап өңірде қызылша ауруының тіркелуі саны артқан. Соңғы бір айдың ішінде облыс бойынша 88 адамнан қызылша дерті анықталған. Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі – балалар. Былтыр аймақта бар болғаны 32 адам қызылша жұқтырып, медициналық көмекке жүгінген. Ал биыл қаңтар айының өзінде вирус жұқтырғандар саны 2,6 есе артқан. Қызылша ауруының ең көп жағдайы облыс орталығында тіркелген. Биылғы 27-қаңтардағы мәліметке сәйкес, 26 науқас ауруханада ем алған. Олардың 25-і бала. Вирус тек бүлдіршіндермен ғана шектелмей, жасөспірімдер мен ересектер арасында да тіркелуде. Аурудың эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру мақсатында иммундау маңызды дейді мамандар. Индира Аяғанованың сөзінше, инкубациялық кезең - 7-14 күн ішінде дамиды. Қызылша жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдар 21 күн бойы медициналық бақылауда болады. Ал вакцина алмаған тұрғындар міндетті түрде иммундаудан өткені жөн.Количество показов: 6
Дата создания: 04.02.2026 08:08:34



















