Аймақтағы азаматтық қорғау қызметтері көктемгі су тасқыны жағдайларына дайын
Аймақтағы азаматтық қорғау қызметтері көктемгі су тасқыны жағдайларына дайын. Бүгін төтеншеліктер тасқынға қарсы кешенді жұмыстар жүргізді. Өңірде «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Бүгін екінші күн. Төтеншеліктер өзен арналарын өсімдіктерден тазартып, арықтар мен каналдарды аршып, су тасқыны қаупі бар учаскелерден қар шығару жұмыстары атқарды. Оқу-жаттығу аясында ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің күштері мен құралдарына саптық тексеру жүргізіліп, шартты елді мекенге марш ұйымдастырылды. Төтеншеліктер су тасқыны қаупі бар аумақтарға әуеден барлау жасады. Жалпы өңірде бүгінге дейін 60 практикалық іс-шара өткізілген. Оның 9-ы облыс орталығында. Іс-шараға 800-ден астам адам, 180-нен көп бірлік техника және 1 әуе кемесі жұмылдырылды.Количество показов: 10
Дата создания: 27.02.2026 07:56:37



















