Аймақта соңғы 6 айда 30-дан астам адам мерт болды
Жылдамдықты асыру. Жауапсыздық. Мас күйінде рөлге отыру. Жантүршігерлік жол апаттарының басты себептері осылар. Бұған жолдың нашарлығын қосыңыз. Жоғары жылдамдықпен жүруді жаман әдетке айналдырған жауапсыз жүргізушілердің кесірінен елімізде күн сайын жол-көлік апаты болып жатады. Жол апатының салдарынан болатын қайғылы оқиғалардың статистикасы адам шошытады. Тек соңғы 6 айда облысымызда жол апатынан 30-дан астам адам қайтыс болған. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жыл басынан бері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көлік тәртібін арттыруға бағытталған 5 жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Үйде күнделікті балаларға да жол ережесін, қауіпсіздігін түсіндіріп отыру керек дейді жол сақшылары. Жол ережесін бұзбай жүруге дағдыланыңыз. 1 минут ерте барамын деп, өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Ұзақ сапарға шығуды жоспарласаңыз, көліктің техникалық жағдайын тексеріп, демалып жолға шығыңыз! Қара жол бойындағы қасіретті жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан тәртіп сақшылары барлық автожүргізушілер мен жаяуларды жол ережесін бұзбауға шақырады.Количество показов: 10
Дата создания: 12.07.2025 09:36:49