Аймақта оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қыстың қытымыр мінезі сезіле бастады. Қатты аяз бен желдің күшею салдарынан балалардың мектепке қатынауы уақытша шектелді. Бүгін облыс аумағындағы барлық білім беру ұйымдарында 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауысты. Бұл шешім оқу ағарту министірлігінің бұйрығына сәйкес қабылданған. Негізгі мақсат -оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулығын сақтау. Қатты жел соғып, көктайғақтың болуына байланысты бүгін аймақтағы барлық оқушы онлайн оқып жатыр. Білім беру ұйымдарының 1-11 сынып білім алушылары министрліктің рұқсатымен қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Барлығы 186 мың бала. Сондай-ақ, ауа температурасы -27 градустан төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 2-5 метрге жеткен жағдайда, мектеп алды даярлық сыныбы мен 9 сынып оқушыларына қашықтықтан оқуға рұқсат беріледі. Ал егер сынап бағаны -30 градустан төмен, желдің жылдамдығы секундына 2-5 метр болса, барлық сынып оқушылары, колледждердің 1 курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшіріледі. Ата-аналар жергілікті жерде ауа температурасын өздері де қадағалап отыры алады. Ауа райының қолайсыздығы ертең де осылай жалғасса, оқушылар онлайн форматта оқуы мүмкін. Оқу үдерісі онлайн форматта ұйымдастырылып, сабақтар белгіленген кестеге сай өтті. Мамандардың айтуынша бұл уақытша шара. Ауа райы тұрақталған соң оқу процесі дәстүрлі форматта қайта жалғасады.Количество показов: 7
Дата создания: 16.01.2026 04:39:45



















