Аймақта мыс катанкасы мен кабельдік бұйымдар өндіретін зауыт салынады
«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының аумағында тағы бір ауқымды инвестициялық жоба іске асырылады. Мыс катанкасы мен мыс кабель өнімдерін өндіруге бағытталған жобаның бастамашысы - Бейжің Джини Яңфаң Холдинг групп компаниясы. Бүгін зауыт іргетасын қалау және құрылыс жұмыстарының басталуына арналған салтанатты рәсім өтті. Аталған жобаны іске асыру өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтіп, экономиканы әртараптандыруға, экспортқа бағдарланған өндірісті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Абзал Әбдікәрімовтың сөзінше, Қазақстан бойынша 470 мың тонна тазартылған мыс шығады. Соның 17 мың тоннасы ғана терең өңделеді. Ал, қалғаны экспортталады. Терең өңдеуді дамыту - басты мақсат, дейді шенді. Қазір қытайлық тараптан салынған инвестициялардың жалпы көлемі 25 млрд долларды құрайды, ал елімізде шамамен 250 инвестициялық жоба іске асырудың әртүрлі кезеңінде тұр. Орталық Азияға келетін қытайлық инвестициялардың 60 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі екен. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі шамамен 100 млн АҚШ долларын құрайды. 90 млн доллар айналым капиталы, 10 млн доллары капиталдық шығындарға бөлінген. Кәсіпорынды іске қосу 2027 жылға жоспарланып отыр. Жоба аясында 250 тұрақты жұмыс орны ашылады. Өндірілетін өнім - мыс катанкасы мен кабельдік бұйымдар. Дайын өнім ішкі нарыққа да, Еуразиялық экономикалық одақ және Еуропа Одағы елдерінің нарықтарына да экспортталатын болады.Количество показов: 10
Дата создания: 26.05.2026 06:40:34



















