Аймақта мәдениет саласында қандай іс шаралар өтіп жатыр?
Қазір өңірде мәдениет саласы қарқын алып келеді. Жарты жыл ішінде ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мыңдаған мәдени іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, басқарма тарапынан халықаралық фестивальдер мен театр қойылымдары, көрмелер, кітап және музей жобалары жүзеге асқан. Бүгін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы жарты жылдық жұмыстарын қорытындылады. Жыл басындағы ең ауқымды мәдени оқиғалардың бірі қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар болды. Мерейтойлық концерттер Санкт-Петербург, Гатчина және Алматы қалаларында жалғасып, ақтөбелік өнер ұжымдары қазақ өнерін халықаралық сахналарда таныстырған. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония жарты жыл ішінде 225 концерт өткізіп, 147 мыңнан астам көрерменді қамтыды, дейді облыстық Мәдениет басқармасы. Басқарма басшысының айтуынша, Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театр репертуары алты жаңа спектакльмен толыққан. Ал облыстық "Алақай" қуыршақ театры кішкентай көрермендерге 306 қойылым ұсынып, 37 мыңнан астам баланы қамтыды. Облыстық халық шығармашылығы орталығы жанындағы клуб мекемелерінде 5 мыңнан астам мәдени-рухани іс-шара өтіп, оған 1 миллионнан астам адам қатысқан. Ал жылдың ерекше жобалардың бірі - "Жыраулар жолымен…" республикалық жобасы. Бүгінде 473 мәдениет және өнер мекемесі жұмыс істейді. Бұл салада 3 мыңнан астам маман еңбек етеді. Жарты жыл ішінде облыс бойынша 18 мың 49 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, оған 1 миллион 720 мыңнан астам көрермен қатысқан. Мәдени мекемелерде цифрландыру жұмыстары да қарқын алған. Өңірдегі 234 кітапханада электрондық форматқа көшірілуі тиіс құжаттардың 81 пайыздан астамы цифрландырылыпты. Ал Архив мекемелерінде тарихи құжаттардың 11 мыңнан астам сақтау бірлігі электрондық форматқа көшірілген. Музей саласында да оң өзгерістер бар, дейді басқарма басшысы. Облыстағы 21 музейдің қоры 1785 жаңа экспонатпен толыққан.Количество показов: 8
Дата создания: 30.07.2026 02:25:12



















