Аймақта коммуналдық секторлар жаңғыртылады
Облыста "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Аймақтағы жобаға бірнеше ірі кәсіпорын қатысуда. Атап айтқанда, ''Aqtobe su-energy group'' АҚ, "Алға жылу" мен "Бадамша сервис" коммуналдық мекемелері. Мамандардың мәліметінше, аталған кәсіпорындардың желілеріндегі тозу деңгейі әлі де жоғары. Осы мәселелерді шешу мақсатында кәсіпорындар тарапынан ірі инвестициялық өтінімдер ұсынылған. Мәселен, ''Aqtobe su-energy group'' АҚ жалпы сомасы 9,5 миллиард теңгеден астам жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Ал "Алға жылу" мен "Бадамша сервис" мекемелері де су және жылу жүйелерін жаңғыртуға бағытталған жобаларын ұсынған. Сонымен қатар, электр желілерін жаңғырту мақсатында "Энергосистема" серіктестігі 10 миллиард теңгеден астам қаржыға өтінім беруді жоспарлап отыр. Бұл мәселе экономиканың тұрақтылығы мен халықтың тұрмыс деңгейіне тікелей әсер ететін маңызды факторға айналған. Жобаны тиімді іске асыру үшін сатып алу рәсімдері толық цифрландырылып, арнайы бірыңғай электрондық платформа іске қосылған. Олардың қатарында мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, кәсіпкерлер және табиғи монополия субъектілері бар. Ұлттық жоба аясында 2029 жылға дейін жылумен жабдықтау, электр, су және су бұру желілерінің тозу деңгейін айтарлықтай төмендету жоспарланып отыр.Количество показов: 11
Дата создания: 28.03.2026 07:22:53



















