Аймақта "Газбаллон" акциясы жүріп жатыр
1–5 желтоқсан аралығында аймақта "Газбаллон" профилактикалық акциясы жүріп жатыр. Іс-шара ТЖД, жергілікті полиция, тұрғын үй инспекциясы және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері қатысуымен өтеді. Акция аясында газ баллондарын пайдаланатын тұрғын үйлер мен саяжайларды аралау, республикалық және облыстық жолдарда жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары, жағармай станциясы, паркингтер мен көлік тұрақтарында рейдтік жұмыстар ұйымдастырылады. Өрт- тілсіз жау және ол жыл мезгілін таңдамайды. Оқыс оқиғаның қашанда алдын алу керек. Тек жыл басынан облыста 512 өрт оқиғасы тіркелді. Материалдық шығын 201 млн 304 мың тенгені кұрады, 10 адам әр түрлі дене жарақатын алып, 7 адам қаза тапты. Акцияның мақсаты- газ баллондарының дұрыс пайдаланылмауынан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу жене турғындардын кауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыру. Бүгін төтеншеліктер төрт нүктеге барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатарында жанар-жағар май құю бекеттері, тұрғын үй кешеніндегі паркингтер бар. Газ балонын үйде ауылдық мекендерде, газ жоқ ауылдарда көп пайдаланады. Сондықтан төтеншеліктер елді-мекендерде де түсіндірме жұмыстарын жүргізбек. Сақтық шараларын сақтап, оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында мұндай шаралар жалғасын табады.Количество показов: 9
Дата создания: 05.12.2025 09:04:25



















