Аймақта екі айлық сенбілік басталды
Шаһарда басталған екі айлық сенбілік шара аясында көпқабатты үйлердің аулалары тазартылып жатыр. Қыстан кейін қар астында қалған қоқыстар жиналып, ретке келтірілуде. Шараға облыс және қала әкімі қатысып, халықпен тілдесті. Тұрғындар мәселелерімен бөлісіп, сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. "Назар-3" пәтер иелерінің кооперативі басшысының сөзінше, Әлия Молдағұлова №12 даңғылындағы пәтер тұрғындары тек тазалықпен шектелмей, сырлау, жөндеу жұмыстарын да қолға алған. "Назар-3" ПИК басшысы бұл жұмыстар жалғасын тауып, халықты кеңінен тарту жоспарланып отыр деп жеткізді. Сенбілікке қатысушылардың негізгі бөлігі - зейнеткерлер. Себебі жастардың көбі жұмыста немесе оқуда. Дегенмен, бұл іске бейжай қарамайтындар да аз емес. Олар осы уақытқа дейін де тазалық жұмыстарын жиі атқарып келген. Ал пәтер ауласындағы жол әкімшіліктің тарапынан жасалған. Олар бұл іске өздерінің алғысын да білдірді. Әлия Молдағұлова №12 даңғылының тұрғындары бұл іс - балаларға да үлгі болатынын айтты. "Тазалық бәрімізге де керек. Амандық болса, екі ай бойы жинаймыз" дейді олар. Тұрғындар арасында ағаштарды кесу мәселесі де көтерілген. Кейбірі түбінен кесуді ұсынса, енді бірі керісінше, ағаштарды күтіп-баптап, бұтау жеткілікті дейді. Ал бұл ағаштарға 52 жыл болыпты. Мәселе облыс және қала басшылары мен тұрғындар арасында талқыланды. Әкімдердің айтуынша, бұл сұрақ өзара тұрғындардың ортақ ақылдасуымен шешілуі керек.Количество показов: 15
Дата создания: 31.03.2026 07:13:53



















