Аймақта дауыс беру процесі таңғы сағат 07.00-де басталды
Аймақта дауыс беру процесі таңғы сағат 07:00-ден басталды. Облыс әкімі Асхат Шахаров та референдумда дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Өңір басшысы №541 учаскеде дауыс берді. Кейін өңір басшысы референдумға қатысудың ел үшін, ұлт үшін, кез келген еліміздің азаматы үшін маңыздылығын атап өтті. Қала тұрғындарымен бірге таңертең өңір басшысы да өз таңдауын жасауға келді. Ол Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №541 референдум учаскесінде дауыс берді. "Бүгін мен референдум учаскесіне келіп, еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Бұл – тек біздің құқығымыз ғана емес, әрбір азаматтың Отан алдындағы міндеті. Конституция – тәуелсіз Қазақстанның басты құжаты, мемлекетіміздің берік негізі", – деді өңір басшысы. Сондай-ақ ол өңірде жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумды өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын алға тартты. Өңірде 528 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Олардың барлығы қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілгенін айтты. Учаскелерде дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сәйкес өтуі үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Бүгін еліміздің әр қаласында, ауылында, елді-мекендеріндегі халық өз таңдауын жасап жатыр. Әрбір тұрғын ел болашағына қатысты өз пікірін білдіріп, таңдау жасауға мүмкіндік алды. Дауыс беру таңғы сағат 07-ден басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.Количество показов: 5
Дата создания: 16.03.2026 06:42:16



















