Аймақта биыл 31 адамда АИТВ жұқпасы анықталды
АИТВ жұқпасының алдын алуда замануи тәсілдер қолданылады. Жедел тестілеу әдісі арқылы жарты сағат уақыттың ішінде адам ағзасындағы АИТВ жұқпасы қан арқылы да, сілекей арқылы да анықтауға мүмкіндік бар. Бүгінгі семинарда орталық мамандары тестілеу әдістерін өзгелерге үйретті. Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы ұйымдастырған шараға шаһардағы емханалар мен медициналық орталықтардың дәрігерлері қатысты. Биылғы алғашқы жарты жылдығында аймқта ВИЧ жұқпасының 31 жаңа жағдайы анықталды. Былтырғы көрсеткішпен бір деңгейде дейді орталық мамандары. Қауіпті жұқпаны жұқтырған ер адамның саны - 25, алтауы әйел. Олардың тек үшеуі ғана инъекциялық есірткі қолдану кезінде жұқтырған. ВИЧ жұқтырудың негізгі жолы жыныстық қатынас болып қала береді. Инфекция жұқтырғандардың арасында үш студент бар, 12 адамның тұрақты жұмысы болған, науқастардың жасы 20-дан 60 жасқа дейінгі аралықты құрайды. Ал, өңірде 2023-2026 жылдарға арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларының Жол картасы бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі шарада мамандар АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға шолу жасады. Ғасыр дертінің профилактикасы, диагностикасы және емдеудегі жаңашылдықтары айтылды. Облыстың ЖИТС орталығы мен медициналық ұйымдарының базасында АИТВ-ға ерікті құпия кеңес беру және тестілеу кабинеттері жұмыс істейді. Орталық өкілдерінің мәліметінше, биыл экспресс-тестілеу саны шамамен 10 пайызға өсіп, 136 мыңға жетті. Өңіріміз ВИЧ таралуы төмен аймақтарға жатады. Сонымен қатар мамандар қолданатын антиретровирустық терапия халықаралық стандарттарға сай келеді.Количество показов: 19
Дата создания: 28.08.2025 01:45:51