Аймақта биыл 155 заңсыз қоқыс орны анықталған
Аймақта 320-ға жуық елді мекен бар. 15 тіркелген полигон жұмыс істейді. Заңды полигондардың жобасы, жер актісі және экологиялық рұқсаты бар, дейді мамандар. Ал, өңірде экологияны жақсарту үшін полигондар мен техниканы цифрландыру жұмыстары жүргізіледі. Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қалдықтарды жинау, сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Өңірде заңды полигондардың жобасы, жер актісі және экологиялық рұқсаты бар бар-жоғы 15 тіркелген полигон жұмыс жасайды. Ал, аймақта 320-ға жуық елді мекен бар. Қазір Бадамша, Шұбарқұдық, Ырғыз, Ойыл, Жүргенов, Қарабұтақ ауылдарында алты жаңа полигон салуға құжаттар әзірленуде. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов мәлімдеді. Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, биыл 155 заңсыз қоқыс орны анықталған, оның тек 76-сы жойылған. Хромтау және Қарғалы аудандарында бірде-бір учаске ретке келтірілмеген. Осыған байланысты өңір басшысы бірқатар жауапты тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, Асхат Шахаров полигондарды заңдастыруды жеделдетуді, заңсыз қоқыс орындарын жоюды, сұрыптау және қайта өңдеу объектілерін салуды және ТҚҚ басқару жүйесін цифрландыруды тапсырды. Әр аудан бір ай ішінде қоқыс орындарын жоюдың нақты кестесін, полигондарды заңдастырудың жол картасын және қайта өңдеуді дамыту бойынша ұсыныстарын ұсынуға тиіс. Облыс орталығында бес қайталама шикізат қабылдау пункті жұмыс істейді. Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу саласында 15 шағын және орта бизнес субъектісі қызмет атқарады, олардың алтауы қайта өңделген материалдардан өнім шығарады: автомобиль шиналарынан резеңке түйіршіктер, макулатура, полиэтилен, электронды техника қалдықтары және шыныдан жасалған бұйымдар. Цифрлық трансформация аясында жыл соңына дейін Тұрмыстық қатты қалдықтар нысандары толық цифрландырудан өтеді. Полигондардың жер актілері, жобалары және рұқсаттары туралы мәліметтер, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу жөніндегі ақпарат енгізіледі, қоқыс таситын көліктерге GPS орнатылады, барлық деректер арнайы порталдарға жүктеледі.Количество показов: 6
Дата создания: 26.11.2025 08:46:33



















