Аймақта автогаз жеткілікті
Облысқа қараша айына бөлінген сұйытылған газ көлемі белгілі болды. ҚР Энергетика министрлігі өңірдің тұтыну жоспарын жариялады. Қазір аймақта автогаз тапшылығы жойлып, бекеттердегі ұзын-сонар кезек те сейілді. Қарашада облысқа 12 279 тонна сұйытылған газ бөлінді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бұл көлем өңірдің тұрмыстық және автокөлік секторындағы қажеттілікті өтеуге жеткілікті. Газ өңірдегі операторларға белгіленген кесте бойынша жеткізіліп жатыр. Жергілікті мамандардың айтуынша, қазірігі уақытта газ тасымалдау тұрақты режимде жүргізілуде. Автогаз бекеттеріндегі жағдай бақылауға алынып, айтарлықтай тапшылық немесе ақау тіркелмеген. Энергетика министрлігі барлық өңірлер бойынша сұйытылған газдың айлық балансын қадағалап отыр. Табиғи сұраныс артқан жағдайда қосымша көлем бөлу мүмкіндігі қарастырылатыны айтылды. Газ нарығын тұрақтандыру мақсатында мониторинг күшейтілген. Ведомство өкілдері газ бағасы мен жеткізу кестесін бақылауды жалғастыратынын жеткізді. Облысқа бөлінген 12 279 тонна көлем өңірдің қараша айындағы газ қажеттілігін толық қамтамасыз етуге бағытталған. Министрлік жағдайды бақылауда ұстап, тұрғындар үшін үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге уәде берді.Количество показов: 13
Дата создания: 18.11.2025 07:50:24



















