Аймақта “Қауіпсіз жүргізуші” акциясы өтті
Облыс аясында 1-7 желтоқсан аралығында “Қауіпсіз жүргізуші” акциясы өтті. Аталмыш акция жолда құқықбұзушылықты азайту мақсатында ұйымдастырылған. Бір аптада тәртіп сақшылары 1 800 ден астам құқықбұзушылықты тіркеген. Оның ішінде 36 адам автокөлікті мас күйінде басқарған, қарсы бағытқа шығу 53 дерегі, жүргізуші куәлігінсіз автокөлік басқарған 131 дерек тіркелді. Жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауы, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ, заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салу шараларын қабылдау - полицияның басты мақсаты. Бұл туралы бүгін облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары мәлімдеді. Жыл басынан аймақта 1 879 жол апаты тіркелген. Салдарынан 116 адам қаза тауып, 2 700 ден аса адам түрлі дене жарақатын алған. Өрескел құқықбұзушылықтың алдын алу үшін облыста "Қауіпсіз жүргізуші" акциясы жиі өтіп тұрады. Кезекті акция 1-7 желтоқсан аралығында өтті. Бір аптада тәртіп сақшылары 1 800 ден астам құқықбұзушылықты тіркеген. Оның ішінде 36 адам автокөлікті мас күйінде басқарған, қарсы бағытқа шығу дерегі - 53, жүргізуші куәлігінсіз автокөлік басқарған 131 дерек тіркелді. Одан басқа көлікті қайта жабдықтаған 104, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 116 жағдай тіркелді. Шара барысында айыппұл тұрағына 436 автокөлік қойылды.Количество показов: 9
Дата создания: 09.12.2025 08:59:34



















