Аймақта алимент төлеуден жалтарғандар саны 17 мыңға жетеді
Бүгін облыстық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары есеп берді. Айтуынша, мемлекет кірісіне берешектерді өндіріп алу бойынша 48 мыңнан астам атқарушылық құжат тіркелген. Оның 27 мыңнан астам ісі толық аяқталып, 21 мыңнан астам іс қалдықта тұр. Жеке сот орындаушылары әлеуметтік маңызы бар істерге ерекше көңіл бөледі. Олардың қатарында кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру, азаматтарды заңсыз жұмыстан босату деректері мен еңбекақы бойынша берешектер бар. Жыл басынан бері 16 916 алимент ісі қаралған. Оның ішінде 2 756 іс аяқталған, 68 іс бала кәмелетке толуына байланысты тоқтатылған, ал 14 мыңнан астам іс әлі де өндірісте тұр. Алимент төлеуден жалтарғандарға қатысты 425 әкімшілік іс қозғалып, 69 адамға айыппұл салынған. Тағы 356 борышкер әкімшілік қамауға алынған. Сонымен қатар, 82 іс қылмыстық қудалау органдарына жолданған, олардың 10-ына қатысты сот үкімі шығыпты. Бұдан бөлек, сот орындаушылары рейдтерді де жиі өткізеді екен. Автокөліктерді айып тұрағына қою және ұстау деректері де бар. Жауаптылардың айтуынша, мұндай шаралар қарыз сомасын өндірумен қатар, борышкерлердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ал әлеуметтік маңызы бар істер — бақылауда.Количество показов: 20
Дата создания: 06.11.2025 07:18:45



















