Аймақта Ахуалдық орталық ашылды
Бүгін облыстық көпсалалы аурухана базасында жаңа Ахуалдық орталық ашылды. Орталықта радиологиялық зерттеулерді бір жүйеге біріктіру көзделген. Бұл бағытта телемедицина дамып, жасанды интеллект жүйесі енгізілуде. Себебі, жаман ауруды ерте анықтау өте маңызды. Шалғай аудандардағы науқастар ғана емес, бұл орталықтан аудан дәрігерлері де кеңес ала алады, деді шараға қатысқан өңір басшысы Асхат Шахаров. Оның айтуынша, осылайша, аймақтың медицинасын жаппай цифрландыру мәселесі жабылды. Ахуалдық орталық аймақ тұрғындарына қолжетімді және сапалы медициналық көмектерді ұйымдастырады. Орталық бағдарламасы Жасанды интеллектпен қамтылған. Жоба аясында өңірдегі 30 медициналық мекеме, оның ішінде аудандық ауруханалар да қамтылған. Орталықта 2биыл маусымнан бері 188 бейнеконсультация өткізілді. Оның ішінде ересектерге – 85, жасөспірімдерге – 8, балаларға – 69, ал нәрестелерге – 26 медициналық кеңес берілген. Мамандардың айтуынша, жасанды интеллект дәрігерлердің орынын баса алмайды. Ол радиологиялық зерттеулердің нәтижесін жылдам сараптап, дәрігерлерге дұрыс шешім қабылдауға бағыт береді. Ары қарай шешімді дәрігердің өзі қабылдайды. Бұл өз кезегінде науқастарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға сеп болады.Количество показов: 14
Дата создания: 03.10.2025 03:49:42