Аймақта 800-ге жуық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар
Жетімдер мен қамқоршысыз балаларды кәсіби отбасылар тәрбиелейді. Елімізде 1-шілдеден бастап, «Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы» ереже күшіне енді. Енді жетім немесе қамқоршысыз қалған балалар бірден жетімдер үйіне жіберілмей, кәсіби қабылдаушы отбасыларға орналастырылады. Отбасылар бірден 4 балаға дейін тәрбиелеуге мүмкіндік алады. Ол үшін үміткерлер міндетті түрде арнайы дайындықтан өтеді. Қазір аймақта жүйе бойынша түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Үміткерлер базасы жасақталған. Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек те көрсетіледі. Кәсіби негізде бала тәрбиелейтін отбасылармен арнайы келісімшарт жасалып, ай сайын 70 АЕК көлемінде жалақы төленеді. Аймақта 800-ге жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Барлығы облыстық білім басқармасының базасына тіркелген. Дені - туыстарының қамқорлығында. Қалғандары "Аяла" орталығы мен "Үміт" сәбилер үйінде тәрбиеленіп жатыр. Енді балалар кәсіби қабылдаушы отбасында тәрбие ала алады.Количество показов: 14
Дата создания: 11.07.2025 05:51:35