Аймақта 57 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр
Өңірде 57 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Алайда олардың басым бөлігі әлі күнге дейін инвентаризациядан өтпеген. Бұл өз кезегінде тұрғын үй алу мерзіміне әсер етуі мүмкін. Жаңа талаптарға сәйкес тұрғын үй кезегіне тұру тәртібі де өзгерген. Ол түгендеу не үшін қажет және жаңа жүйеде кімдер үй кезегіне тұра алады? 57 мыңнан астам өңір тұрғыны. Дәл қазір облыста тұрғын үй кезегінде осынша адам тұр. Ал қала бойынша олардың саны 43 мыңнан асады. Алайда олардың көпшілігі инвентаризациядан өтпеген. Инвентаризация барысында кезекте тұрған азаматтардың мәліметтері нақтыланып, отбасы құрамындағы өзгерістер ескеріледі. Мамандар бұл рәсімнен уақытылы өтпеу баспана алу мерзіміне әсер етуі мүмкін екенін айтады. 2025 жылы тұрғын үй кезегін түгендеу және тарату жауапкершілігі әкімшіліктен "Отбасы банк" құзырына өткен. Түгендеуден кезекте тұрғандар ЭЦҚ арқылы немесе мекемеге келіп, "Өркен Отбасы кз" сайты арқылы өте алады. Мәселен, көпбалалы отбасы мәртебесін алған немесе өзге де өзгерістер болған жағдайда, ақпарат міндетті түрде жаңартылуы тиіс. Қазіргі талап бойынша тұрғын үй кезегіне тұру үшін бұрынғыдай санатқа бөліну қажет емес. Егер азамат 18 жасқа толған және оның атына тұрғын үй тіркелмеген болса, тұрғын үй кезегіне өтініш бере алады. Айта кетейік, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында берілетін баспана алдымен жалдамалы тұрғын үй ретінде ұсынылады. Кейін қолданыстағы талаптарға сәйкес оны жекешелендіруге мүмкіндік бар.Количество показов: 14
Дата создания: 15.07.2026 00:59:02



















