Аймақта 40 шақырымнан астам жол қайта салынады
Аймақта 40 шақырымнан астам жол қайта салынады. Құрылыс сапасын тексерген мамандар жүздеген олқылық тапқан. Енді жолды салған компаниялар оның бәрін өз есебінен жоюы тиіс, дейді мамандар. Биыл облыста жалпы көлемі 600 шақырымға жуық жол қолданысқа берілді. Дегенмен, сын көтермейтіндері де бар. Мамандар іске қосылған тас жолдардан 294 ақау тапқан. Оның жартысына жуығы әлі жойылмапты. Жауапсыз мердігерлерге 12 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау департаментіне 17 нұсқама берілген. Өңірдегі төрт аудан мен облыс орталығындағы 40 шақырымнан астам жолдағы асфальт жамылғысы қайта төселеді. Сапаға мән бермеген компаниялар облыс орталығынан бөлек Шалқар, Ойыл, Байғанин және Мұғалжар аудандарындағы ондаған шақырым жолды өз қаражатына қайта салады.Количество показов: 6
Дата создания: 26.12.2025 09:29:28



















