Аймақта 256 мың гектардан астам егін жиналды
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы саласына қатысты тапсырмаларын орындау және егін жинау науқанын жүргізу мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды. Ауыл- шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібәлиевтің айтуынша, биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 756 мың гектарды құрады. Оның ішінде негізгі бөлігін - яғни 400 мың гектардан көбін дәнді дақыл, 262,8 мың гектарды мал азығы, 60,3 мың гектарды майлы дақылдар алып жатыр. Сонымен қатар, 6 мың гектардан астам алқапқа картоп пен көкөніс-бақша дақылдары егілген. Цифрландыру мен дәлме-дәл егіншілік элементтерін енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Бірқатар шаруашылықта – «ДиЛэнд» серіктестігі, «Ақжар Агро», «Елім Табантал» және басқаларда – «John Deere», «Claas», «New Holland», «Case» сияқты заманауи техникалар қолданылып жатыр. Олар өнімділік пен жанармай шығынын есепке алуға мүмкіндік беретін сенсорлар және навигаторлармен жабдықталған. Егін жинау науқанына 600-ден астам астық жинайтын комбайн, 1,5 мың трактор, шамамен 800 трактор тіркемесі және 500 жүк көлігі тартылған. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 7,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді, оның литрі 250 теңгеден, бұл нарықтық бағадан 15 пайызға арзан. Қыркүйек айына 3 925 тонна отынға келісімшарттар жасалып, оның жеткізілуі жалғасуда.Количество показов: 23
Дата создания: 17.09.2025 07:35:41