Аймақта 2 мыңға жуық тұтынушының құқығы бұзылған
Сатып алушы немесе тұтынушы өз құқығын біледі ме? Заңбұзушылыққа тап болғанда, құқығы тапталып жатса не істеу керек? Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мәліметінше, қазір тұтынушылар өздерінің құқығын қорғай алады. Әлеуметтік желі арқылы немесе департаментке шағымдану арқылы өздерінің белсенділіктерін көрсету жағдайлары жиілеген. Өткен жылы департаментке өңір тұрғындарынан 1920 өтініш түскен. Қаралған өтініштердің нәтижесінде тұтынушыларға 100 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған. Түскен өтініштердің - 882-сі оң шешілді, 509 өтініш бойынша түсіндірме берілді. Ал шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда саласына тиесілі - яғни 660 өтініш, дейді мамандар. Көбіне тауарды қайтарудан немесе алмастырудан бас тарту, сапаға қатысты мәселелер тіркелген. Сонымен қатар департамент 160 әкімшілік шара қабылдап, 78 кәсіпкерге ескерту, 82 бизнес субъектісіне 2,2 миллион теңгеден астам айыппұл салды. 49 сот отырысына үшінші тарап ретінде қатысып, 40 миллион теңге тұтынушыларға қайтарылды. Айта кетейік, тұтынушылар электронды сауда және Instagram желісі арқылы басқа қалалардан тауар мен қызметке тапсырысты көп береді. Осы ретте, тұтынушылардың құқықтарының бұзылу жағдайлары жиі кездеседі. Мұндай шағымдар сатушлар, орындаушылардың мекен-жайы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жолданады. Мамамандар бизнес субъектілерін заң талаптарын қатаң сақтауға, ал тұтынушыларды өз құқықтарын білуге және белсенді қорғауға шақырады.Количество показов: 6
Дата создания: 05.02.2026 05:43:28



















