Аймақ ұстаздары облыстық тамыз конференциясында бас қосты
Бүгін шаһарда облыстық тамыз конференциясы өтті. Ұстаздар жиналған дәстүрлі жиынның биылғы тақырыбы - «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман». Тамыз кеңесіне Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, педагогтер, ғалымдар қатысты. Пленарлық отырысқа дейін білім беру жобаларының көрмесі ұйымдастырылып, жас мамандармен кездесу өтті. Солардың бірі - "Leap kazakhstan Ar Board" жобасы. Заманауи стендтер шығарып, олардың ішіне жасанды интеллект бағдарламаларын секілділерді қолданысқа әкелі жатыр. Көрмеде көпшілікке ұсынылған тағы бір жоба - Қамқор жобасы. Шаһардағы 40 мектепке сыйға тартылды. Қосымша оқушы мен ұстаз үшін бөлек жасалған. Бала сауалына дұрыс жауап берілмейді, керісінше, ізденісін одан сайын арттыруға көмектеседі. Конференция барысында облыстағы білім беру саласының қазіргі жағдайы және оны қалай жақсарту қажеттігі талқыланды. Аймақта 20 мыңнан көп ұстаз шәкірт тәрбиелеп отыр. 260 мыңға жуық оқушы жаңа оқу жылында білім алады. Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева айтуынша, көші-қонның қарқынды жүруі мен туу көрсеткішінің артуына байланысты өңірдегі балалар саны тұрақты түрде өсіп келеді. Жыл сайын шамамен 19 мың сәби дүниеге келеді және алдағы оқу жылында дәл осынша бала мектепке барады. Тамыз конференциясы - дәстүрлі түрде білім беру жүйесіндегі басым бағыттарды айқындайтын, тәжірибе алмасатын және жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттерді талқылайтын маңызды пікірталас алаңы. Биылғы жылы ерекше көңіл цифрлық технологияларды енгізуге, ауыл мектептерін дамытуға, педагогтерді даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымы мен патриоттық тәрбиесіне бөлінбек.Количество показов: 17
Дата создания: 27.08.2025 09:47:43