Аймақ оқушылары сабақты онлайн оқыды
Өңірде ауа райы күрт суытып, бүгін барлық білім беру ұйымдарында 1-11 сынып оқушылары сабақты онлайн оқыды. Оқу процесін қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру шешімі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Еске салайық, білім беру ұйымдарындағы сабақтарда өңірдің климаттық жағдайларына сәйкес, баланың жас ерекшелігін ескере отырып, қашықтықтан оқытуға көшірілетін өзіндік көрсеткіштері бар. Оқу процесі ауа райына байланысты тоқтатыдалы. Егер ауа температурасы -25 градус және одан төмен, жел жылдамдығы секундына 2-5 метр және одан жоғары болған жағдайда бастауыш сыныптар онлайн форматқа көшеді. Сынап бағаны -27градустан төмен болса, 0-9 сынып оқушылары, ал -30 градустан төмен болса барлық сынып оқушылары қашықтықтан оқытылады. Ал, ауа температурасы -10 градусты көосетіп, жер көктайғақ болса, адам өміріне қауіп төндіретін екпіні секундына 1,5 метр қатты жел, қарлы боран болғанда мектепалды сыныптар мен 11-сынып оқушылары, колледждердің 1,2 курс студенттері сабақты қашықтықтан оқиды.Количество показов: 9
Дата создания: 11.03.2026 05:36:15



















