Аймақ экологиясына қатысты былтыр 200-ден астам бұзушылық анықталды
Ақтөбе - еліміздің ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі. Мұнда қаншама шикізат өндіретін өнеркәсіптер жұмыс жасайды. Экологияға да алып келер зияны жоқ емес. Облыстық экология департаменті қоршаған ортаны қорғау мақсатында, ауа сапасын жақсарту мақсатында тұрақты түрде экологиялық бақылау жүргізіп, жағдайды жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асырады. Бүгін департамент 2025 жылдары жасалған жұмыстарымен бөлісті. Аймақ экологиясын жақсартуға бағытталған 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы жұмыстары өңірде әлі жалғасып жатыр. Жол картасында 44 іс-шара жоспары бар. Оның 6-ы республикалық, 17-сі жергілікті бюджет қаражатына іске асырылады. 19 іс-шараны кәсіпорындар өз қаржысына жүзеге асырулары тиіс. Былтыр Департамент 37 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 212 бұзушылық анықталды. Ал бұзушылықтарды жою туралы 88 ұйғарым беріліп, оның барлығы да орындалған. Тексеру нәтижелері бойынша 1 млрд 513 миллион теңгеден астам 124 әкімшілік айыппұл салынды. Былтыр қалалық қоқыс полигоны айналасында қалдықтардың жиналуы туралы үлкен дау туындаған еді. Мәселеге қатысты әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға сүйеніп департамент тарапынан "Neo PLUS" және "Таза Әлем 12" серіктестіктеріне қатысты тексерістер жүргізілген. Арнайы белгіленген орындардан тыс жерлерде қоқыс қалдықтарының жиналуына жол бергені үшін "NEO PLUS" серіктестігі 226 090 теңге айыппұл арқалады. 2025 жылы ғарыштық мониторинг нәтижесінде облыста 155 рұқсат етілмеген полигондар анықталып, оның ішінде 142 учаске жойылғанын атап өтті экологтар. Осы декректер бойынша жергілікті атқарушы органдарға дала қоқыстарын жою жөнінде шаралар қабылдау туралы хаттар жолданған. Шаралардың уақтылы қабылданбағаны үшін аудан әкімдіктерінің лауазымды тұлғалары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-деді экология департаменті басшысының орынбасары.Количество показов: 8
Дата создания: 24.01.2026 08:50:50



















