Аймақ бюджетінің игерілуі депутаттар назарында
Облыстық мәслихат депутаттары бүгін былтырғы бюджеттің атқарылуы қарады. Отырыста 34 депутаттың 30-ы ғана төбе көрсетті. 2024 жылы облыстық бюджет құны 633 млрд теңгеден астам қаржыны құраған. Оның ішінде облыстық бюджеттің кірістер бөлігі 540 млрд теңгеге жуық. Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов баяндама жасады. Сөзінше, жоспар 102 пайызға орындалған. Абзал Әбдікәрімов үлкен үлес - білім, көлік және комуникация, тұрғын үй комуналдық және ауыл шаруашылықтары салаларында екенін атап өтті. Дегенмен, игерілмеген қаржы да бар. Жолаушылар көлігі, автомобил жолдары басқармасында 2,6 млрд теңге, құрылыс сәулет басқармасында 2 млрд теңгеге жуық қаржы игерілмеген. Басты себеп - атқарылған жұмыс актілерінің болмауы, жұмыстардың кешігуі. Былтыр өңір бюджетіне салықтан 86,2 млрд теңге түскен. Ал, салықтық емес түсімдер сомасы - 21,7 млрд теңге. Өңір бюджетінің жеке кірістері 108 млрд теңгені құраған. Халық қалаулылары облыс әкімінің орынбасарын сұрақтың астына алды. Бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуының себебін сұрады. Облыстық бюджетті тексеру комиссиясы қазынадағы қаржыны 6 рет нақтылап, 30 рет түзеткен. Есептік жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің кірісі 555,2 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ, салық берешегі 2023 жылмен салыстырғанда 2,9 есе төмендепті. Ал, кірістердің ең үлкен екпінін трансфер түсімдері алып тұр.Аймақта былтыр даму бюджетінің шеңберінде 95 млрд теңгеге жуық қаржыға 293 инвистициялық жоба жүзеге асырылды. Қазынадағы қаражат игерілуі 216 тікелей және 220 түпкілікті атқарылған істің нәтижесі. Тексеру комиссиясының төрағасы бюджет қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдалануға бақылауды күшейту керектігін айтты.
Количество показов: 21
Дата создания: 28.06.2025 10:24:27