Аймақ бюджетін депутаттар талқылады
Бүгінгі облыстық мәслихаттың кезектен тыс 21-сессиясы өтті. Аймақ басшысы мен жауапты мамандар, депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін талқылады. Бюджетті нақтылау бюджеттік бағдарлама ұсыныстары негізінде 16,8 млрд.теңгені құрады. Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы баяндады. 16 млрд. теңгеден астам қаржының 14,8 млрд.теңгесі облыстық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтудан, 866 млн.теңге жергілікті бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтарудан және - 1,1 млрд.теңге үнемделген қаражатты қайтарудан түскен. Отырыс аясында депутаттар жауаптыларға сауалдарын қойды. Қатарында тұрғын үй, қанша адамның баспана кезегінде тұрғаны, қандай жағдайда, қай уақытта берілетіндігі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке кететін ақша, спорт және білім саласындағы мәселелер бар. Даму бюджеті бойынша облысқа 9,1 млрд.теңге көзделген. Құрылыс басқармасы бойынша 3,3 млрд.теңге қарастырылған. Мысалы Шалқар қаласындағы Цеханович атындағы мектебінің спорт залының және Қобда ауданы Әлия ауылындағы дене шынықтыру кешенінің құрылыстарына 550 млн.теңге бағытталды. Батыс-2 ықшам ауданында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт кешенінің құрылысын аяқтауға 52 млн.теңге бөлу жоспарланған. Сондай-ақ, аудандарда жүріп жатқан құрылыс жұмыстары да талқыланды.Количество показов: 30
Дата создания: 23.10.2025 08:34:27