"Айгөлек" көшесі әлі қар астында жатыр
Шаһардағы "Айгөлек" көшесі әлі қар астында жатыр. Үйілген қар қыс басталғалы мүлдем тазартылмаған. Тұрғындар өз күштерімен жолдарын аршып, мұздарын ойып жүр. Көк мұзда жүру мүмкін емес. Бұл туралы біз өткен аптада хабарлаған едік. Бүгін тағы да көше тұрғындары жергілікті билікке наразылықтарын білдірді. Тек шағымдарына шағым қосылыпты. Қала ішінде тұрсақ та, иен далада жалғыз қалғандамыз дейді олар. Себебі, қанша жылдан бері жолсыз, жарықсыз отыр. Мектептегі балаларын жарты жолдан күтіп алуға мәжбүр. Себебі, көктайғақта бүлдіршіндер талай құлаған. "Айгөлек" көшесінің тұрғындарды жолдағы тайғақ, көшедегі жарық пен тасжолдан бөлек әр бұрышта үйілген қоқыс мәселесі де алаңдатады. Коммуналшылар қоқысты уақытында алмайды деп налиды. Ал, Алматы ауданы тұрғын үй коммуналдық-шаурашылық бөлімінің мамандары мәселеден хабардар. Өткен аптада өзіміз де хабарласып, тұрғындардың наразылығына құлақ асуларын ескерткен едік. Ол кезде назарға алынды деген жауаптылар бір аптадан бері бұл көшеге әлі жетпеген. Аумақтағы көшелерді тазалауды енді бастаған. Ал, Айгөлекке апта соңына дейін жетіп қаламыз деп сендірді. Алайда тұрғындар бұл құр уәде дейді. Себебі, жыл сайын бұл аумақтан үйілген қар күн жылына бастағанда ғана шығарылады екен. Олар қар ерісе, аула мен үйлердің суға кету қауіпі жоғары дейді.Количество показов: 10
Дата создания: 29.01.2026 06:33:44



















