Айдында абай болыңыз!
Облыстағы су айдындарында мұз қалыңдығы қауіпсіз нормаларға сай қалыптасқан. Дегенмен, кейбір аумақтарда ол әлсіз болуы мүмкін. ТЖД тұрғындарды мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, әсіресе балалар мен жасөспірімдерді қадағалауды ескертеді. Қауіпсіздік жағдайларын сақтамау оқыс жағдайларға, суға бату қаупіне әкелуі мүмкін. Тұрғындар мен балықшыларды ережелерді қатаң сақтауға шақырды. Қазір облыстағы су айдындарында мұздың қалыңдығы орта есеппен 18-25 сантиметрді құрайды. Бұл қауіпсіздік нормаларына сәйкес келеді. Бірақ мұз қалыңдығы барлық жерде бірдей емес. Ағынды су бар аумақтарда, бұлақ көздері шыққан жерлерде, қамыс өскен жерлерде мұз әлсіз болуы мүмкін. Аймақта мұз қатысымен айдын бетіне балық аулау үшін шығатындар көп. Облыстық ТЖД мамандары тұрғындарды мұз үстінде жүру кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Көк мұздың жұқа жерлеріне шығу, ойықтарға немесе жарықтарға жақындау, көлікпен өткелден тыс шығуға қатаң тыйым салынады. Балық аулау кезінде жеке құтқару құралдары: ысқырық, құтқару кеудешесі, диаметрі кемінде 11 миллиметр, ұзындығы кемінде 12 метр жіп, ұзындығы кемінде 2 метр таяқ болуға тиіс, дейді төтеншеліктер. Ал, ережелер сақталмай, бұзушылықтар анықталған жағдайда жеке тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Тұрғындар қауіпсіздік ережелерін сақтаған жағдайда оқыс оқиғалардың алдын алуға болады. Қала тұрғындарын айдынға шығарда сақтық шараларын сақтап, қауіпсіз балық аулау мен серуендеуді қамтамасыз етулері қажет.Количество показов: 16
Дата создания: 07.01.2026 09:05:47



















