Аялдама жазда сая, қыста пана болады ма?
Шаһарымыздағы жанды тақырыптардың бірі - аялдама. Қыста суықтан, жазда күннен қорғайды. Желдің өтінде жауырамас үшін адамға керегі аялдаманың қалқан болғаны. Қаламыздың көптеген жерінде жолаушылардың аялдамасыз автобус күтіп жүргені анық. Дегенмен, шенділер былтырдан бері аялдамаларды жаңарта бастады. Өткен жылы шамамен 50-ге жуық автобус аялдамасы жаңартылды. Жұмыс биыл да жалғасын табуда. Биылғы жылы аялдамалар саны да артып жатыр. Сенімгерлік басқару арқылы кәсіпкерлер салуда. Бір типті аялдамалар қаланың бірнеше ауданында бой көтереді. Солардың бірі - Автовокзал аялдамасы. Қаңқасы толық көтеріліп болған. Қазір ішкі жұмыстары атқарылуда. Аялдаманың бір жағында кәсіпкерлер өз кәсібін жасай алады. Ал, бір бөлігі жолаушыларға арналған.Шаһарда бүгінге дейін түрлі материалдан аялдамалар салынды. Әйнектен жасалғандары вандализмнің салдарынан сынып, темірден соғылғаны тозығы жетіп, шіріді. Енді мүмкіндігінше сапалы материалдар қолданылады, дейді жауапты мамандар. Соққыға шыдамды, берік аялдама әйнектерінен салынуда. Бұдан бөлек қоқыс жәшігі, аялдама атауы жазылған маңдайша, Light Box орнатылып, жарықтандырылады. Шенділер тұрғындардан қала мүлкіне ұқыпты қарап, аялдама әйнектері мен орындықтарды сындырмауды сұрайды.
Количество показов: 16
Дата создания: 10.08.2025 16:34:13