Аяқсыз қалған жолға тұрғындар наразы
Қараусыз қалған жолдар. Жібек жолы тұрғын алабының тұрғындары наразылық танытып, көшеге шықты. Себеп- бітпей жатқан жол мәселесі, жаяу жүргінші жолының жоқтығы, жарық, балалар алаңының болмауы.Жібек жолы ауданының ойық-шұңқыр жолымен қоғамдық көлік те жүруге жоқ. Тіпті арнайы белгіленген аялдамаға да тоқтамай кететін автобустар бар, дейді тұрғындар. Оларды да түсінуге болады. Мына жолды жергілікті билік ұмыт қалдырған. Мұнда құрылыс жұмыстары 3 жыл бұрын басталыпты. Алайда, былтыр тоқтап, аяқсыз қалған. Себебін белгісіз. Аудан тұрғындары жаз басталғалы мұнда бір ді бір техника бас сұқпағанын айтады. Күздің ауылы да алыс емес. Тұрғындар жол мәселесі биыл да шешімін таппауы мүмкін, деп налиды.Тілшілердің жиналғанын естіп, жергілікті билік өкілдері де ілезде жетті. Айтуларынша, аудандағы бірнеше көшеде жөндеу жұмыстары енді басталмақ. Тәшенов, Ер-Тарғын, Бекенов көшелерін жөндеуге міндетті мердігер өз жұмысына салғырттық танытқан. Ісі сотта жатыр. Басы бар да аяғы жоқ жұмысты енді соңына кім жеткізетіні белгісіз. Қалалық әкімдік байқау жариялапты. Нәтижесін күтпек. Жауаптылар, сондай-ақ жобаның мерзімі 2 жыл екенін екске салды, яғни уақыт әлі бар деп отыр. Бір жылы өтіп кетсе де, межелеген уақытқа дейін үлегемезі деп бекініп отыр. Бүгін қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылықы бөлімінің маманы тұрғындарды сабырға шақырды. Конкурстың нәтижесі жуырда дайын болатындығын тілге тиек етті.
"Жібек жолы" ауданы тұрғындарының жергілікті билікке айтар назы көп. Жолдан бөлек, нөмірленген бірнеше учаскеге атау беруді сұрайды. Қазақтың аты аңызға айналған тұлғаларының немесе зиялыларының есімімен аталса екен көшелереміз, дейді. Өйткені көшенің атау-паспорты іспеттес.
Количество показов: 19
Дата создания: 23.07.2025 02:18:41