Аяқсыз қалған іс: Құрылысшылар жолды қалыпқа келтірмеген
"Мектепке жапсарлас ғимарат саламыз" деп айналаның тас-талқаны шықты. Талдар кесіліп, жаяу жүргіншілер жолы қиратылды. Бұл-Есет батыр көшесінің тұрғыны Наталья Тимченконың жан айқайы. №47 жалпы білім беретін орта мектепке жапсарлас ғимарат құрылысы салдарынан қаншама жыл жүріп қол жеткізген жаялуар жолы бұзылған. Қиыршық тасты 2 жыл бұрын әкімдік салып берген екен. Сол жылы құрылыс та басталған.Жаңа ғимарат аумағында олқылық көп. Тұрғындар жолын бүлдіргеннен бөлек, мектеп ауласындағы ойын алаңындағы жер опырылып жатыр. Одан өзге, кәріз құдықтарының бірнешеуі сол маңда орналасқан. "Кейбіреуінің ауызы ашық" дейді тұрғын. Оқушылар түсіп кете ме деп алаңдайды. Себебі, бұл жерде балалар ойнап жүреді. Ал, білім мекемесінің өкілдері жаңа ғимарат аумағына оқушылар мүлдем бармайды, деп отыр. Ойнауға да, ғимаратқа да кіруге рұқсат жоқ. Салынып жатқан нысан мектеп балансына әлі өтпеген.
Нысан 2019 жылғы көне сметамен бойынша 2023 жылдың мамырында басталған. Жоспар бойынша былтыр жыл соңында аяқталыпты. Тапсырыс беруші - облыстық әкімдік. Жердің астымен электр кабелін, су кіргізіп, канализация жүргізілген. "Сол уақытта жаяулар жолындағы қиыршық тас бүлінді" дейді "Иман" серіктестігінің өкілі. Орынына салынатын қиыршық тас қазір дайын тұр. Сөзінше, күн жылынысымен қайта төсейді.
Құрылысшылар жолды нақты қашан қалпына келтіретіндерін айтпады. Әзір бұл жердің астаң-кестеңі шығып жатыр. Әсіресе жаңбыр жауса ми батпаққа айналатын жер тұрғындардың әбден мазасын алған.
Количество показов: 20
Дата создания: 16.04.2025 11:56:24