"Автопарк" серіктестігі тағы жаңа 12 автобуспен толықты
Шаһардағы жолаушылар тасымалына жауапты компания тағы 12 жаңа автобуспен толықты. Аймақ басшысы өз сөзінде "автопаркті жаңарту – қызмет сапасын, экологияны және қала тұрғындарының жайлылығын арттыруға жасалған маңызды қадам. Әсіресе, қарбалас уақытта жолаушыларды жеткілікті автобустармен қамтамасыз ету қажеттігін айтты. "Автопарк" серіктестігі басшысының айтуынша, кәсіпорында автобус паркін жаңарту 2022 жылы басталған. Осы уақыт ішінде 125 жаңа автобус сатып алынып, төрт жылда жұмсалған қаражат көлемі - 10 млрд теңгеден асқан. Компанияның балансында 285 автобус бар, оның 81%-ын заманауи көлік құралдары құрайды. Қалған 19%-ын автопаркті жаңғырту бағдарламасы аясында кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарланған. Өткен жылдары тұрғындар қыста автобустардың есігінен суық жел үреді, автобустың іші салқын десе, жазда ыстық деп шағымданатын. Қазір кезегімен көне автобустардан арылып, орнына жаңалары келуде. Қыста пеші жылы, жазда салқындатын құрылғылары бар. Автобустарды жаңарту, тұрғындардың ыңғайлылығы үшін жұмыстар әрі қарай жалғасатынын атап өтті жағалылар.Количество показов: 29
Дата создания: 30.09.2025 00:19:11