Автобустағы өрт бойынша 5 адам сотталды
Қыркүйек айында басталған сот процесі бүгін аяқталды. Судья Серік Махамбетов 5 адамға үкім оқыды. Олардың үшеуі 24-ші қаңтардан бері қамауда отырған жүргізуші. Сотталған бесеу бірігіп, зардап шегушілердің әрқайсысына 2 миллион теңгеден материалдық, моральдық шығын төлейді. Сотталушы Нұржан Таңатовтың әйелі куйеуінің сот залынан босап шығатынына сенген. Үкімді жәбірленушілер Сарығаш аудандық сотында отырып онлайн тәртіпте тыңдады. Өзбекстан азаматтары да үкіммен келіспеді. Естеріңізге сала кетейік 18-ші қаңтар күні Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына жақын маңда тоқтап тұрған автобус өртеніп, 57 адамның 52-сі тірілей жанып кетті. Марқұмдардың барлығы да Өзбекстан азаматы. Ал тірі қалған 5 адамның екеуі жолаушы.
Количество показов: 1162
Дата создания: 09.11.2018 18:47:26



















