Автобөлшек сатып алу оңай ма?
Еліміздегі қымбатшылық көлік иелерін де айналып өтпей қоймады.Бағаның өсуі тек қызмет көрсетуге емес, қосалқы бөлшектерге де қатысты. Ақтөбелік сатушылар автобөлшектерді көбіне Ресей мен Қытайдан алдырамыз, дейді. Десе де, сатушылар бағаның тым өскенін аңғармапты. Оның өзінде тұтынушылар арзанын іздеп, қолжетімдісін алуға тырысады, дейді.
Биылғы жылдың сәуірінде жеке- жеке көліктерді техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бағасы бір жылда 13,3 пайызға өскен. Бұл елдегі жылдық инфляция деңгейінен әлдеқайда жоғары. Қалтаға салмақ түссе де, көлік тізгіндеушілер саны артып келеді.Айта кетейік, көлікті ерікті түрде сақтандыруға деген сұраныс 2018 жылдан басталғанымен, өсім қарқыны жоғары болмаған. Ал биылғы жылдың алғашқы төрт айының ішінде бұл секторда 27,9 млрд теңге көлемінде сақтандыру жарналары түскен.
Количество показов: 15
Дата создания: 22.07.2025 06:42:07