Ауыл әйелдеріне арналған семинар-тренинг өтті
"Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді". Бұл дегеніміз әйел адамның кез-келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынының дәлелі. Себебі, қоғамның түрлі салаларындағы жетістіктерде нәзік жандылардың үлесі бар. Заманауи әйел қандай болуы керек? Отбасы, бала-шаға, жұмысты қалай қоса алып жүреді? Өзін дамытуға үлгереді ме? Тренинг спикерлері ауыл ханымдарына мысалдар келтіріп, сұрақтар қойып, ойындар арқылы тәжірибемен бөлісті. Қыз-келіншектер білімін жетілдіруде, оның ішінде ауылдағы кәсіпкер, басшы әйелдерге арналған семинарлар көптеп өткізіледі. Ондағы мақсат- іскер әйелдерді қолдау, ауылдық көшбасшылар желісін кеңейту, оларға бағыт бағдар беру. Бүгінгі семинарға әр ауданнан 80 нәзік жанды қатысты. "Сендіру үшін сөйлеу", "Жеке бюджетті басқару", "Идеясы бар әйел- проблемадан шешімге" тақырыптарында спикер семинарларын тыңдап, кеңес алды.Количество показов: 18
Дата создания: 27.06.2025 08:25:19