Ауыл шаруашлығы еңбеккерлері құрметке бөленді
Ауыл шаруашылығы - өңірдің ең маңызды салаларының бірі. Бүгін сала мамандары мен ардагерлері алғыс бөленді. Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай аймақ басшысы Асхат Шахаров үздіктерді мемлекеттік наградалармен марапаттады. Облыс әкімі Асхат Шахаров ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады. Шара Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған. Мерекеде олардың өңір экономикасындағы маңызды рөлін атап өтіп, алғысын білдірді. Әкімнің айтуынша, биыл салаға мемлекеттік қолдау күшейтіліп, субсидияларға 15 миллиард теңге, ал көктемгі егіс жұмыстарына 5,9 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие бөлінген. Ауыл шаруашылығы саласында заманауи технологиялар да белсенді енгізіліп жатыр. Салтанатты жиын барысында бірқатар сала мамандарына мемлекеттік наградалар табысталды. Атап айтқанда, «Томирис» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Жолмұрат Орынбай «Құрмет» орденімен марапатталды. «Жаңажол» серіктестігінің директоры Сұлтанғали Мәмітовке, «Айс» серіктестігінің бас инженері Иван Золотаревке, «Ақ тілек» қожалығының бригадирі Серікқали Исламовқа «Еңбек Даңқы» ІІІ дәрежелі ордені табысталды. Шара аясында Өнер орталығының фойесінде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылып, қонақтарға жергілікті өнімдер таныстырылды. Мерекелік кеш қала шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.Количество показов: 12
Дата создания: 22.11.2025 09:14:05



















