Ауласы кеше ғана абаттандырылған үйдің ауласы суға толы.
Кешегі жаңбырдан кейін бұл үйдің маңын су алып кеткен. Тұрғындар қызыл су үйдің жертөлесіне де жетті деп отыр. Жертөледе электр сымдары дымқылданып тұр. Олар енді тағы да кешегідей тәулік бойы жаңбыр жауса жертөле өртенуі мүмкін деп қорқып отыр. Жаңбыр жауса көрген күніміз осы. Үйдің айналасын су алып кетеді. Қызыл судан аяқ алып жүру мүмкін емес. Тәңертең шалшық судың тереңдігі тізеге дейін жетті. Балалар далаға шыға алмай үйде отыр, дейді тұрғындар. Екі жыл бұрын осы жердегі бірнеше үйге ортақ балалар алаңы салынған. Оның құрылысы толық аяқталмаған. Ауланы абаттандыру үшін қалалық әкімдіктің жұмысшылары №43-ші үйге қарама-қарсы үйдің алдын биікетіп асфальт төсеген екен. Енді жаңбырлы күндері ылдыйдан аққан су көрші үйдің ауласын мен жертөлесін суға батырып жатыр. Көктемде жағдай тіпті қиындап кетеді. Өз қаражатымызға су соратын арнайы көліктерді шақырып, шаш етектен шығынға батамыз, дейді тұрғындар. Бұл үйдегілер өздеріне қарасты пәтер иелері кооперативі құрамынан әлдеқашан шығып кеткен екен. Өзін өзі басқару жүйесі бойынша барлық пәтер иелері ай сайын қаражат жинап, үйге қатысты мәселелерді бірігіп шешеді.Тұрғындар ең алыдмен бұл жерге жаңбыр суын ортақ кәріз желісіне бұрып жіберу үшін бұл жерге су ағар қажет деп отыр. Ал, алалық әкімдіктің тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөліміндегі мамандар су ағар салу жоспарда бар екенін айтты. Бірақ, ол жоспар қашан жүзеге асатындығын әкімдіктегілер де дөп басып айта алмай отыр.Количество показов: 474
Дата создания: 30.10.2023 21:54:14














 
 
    




 
 