Ауланы абаттандыруға жауапты кім?
Шаһардағы Шевченко көшесіндегі 37-ші үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары әлі жанданбады. Тұрғындарға қолайсыздық тудырған жөндеу мамыр айында басталған. Тілшілеріміз 2 ай бұрын тұрғын үйдің ауласын барып, тұрғындардың назын тыңдап келген еді. Бірақ бүгінге дейін еш өзгеріс жоқ. Жергілікті тұрғындар билік өкілдерінен әлі нақты шешім күтіп отыр. Абаттандыруды қолға алған мердігер мекеме тұрғын үй алдына асфальт жабындысын төсеп, көлік тұрағын жасаймыз деп уәде берген. Басында жұмыс қарқынды жүргенімен кейін бәсеңдепті. Кейін тіпті жұмысшыларда көрінбей кеткен. Тұрғындар байланысқанымен телефондары үнсіз. Нәтижесінде аулада аяқ алып жүрер жол қалмаған. Пәтер иелері көліктерін үйден алыс жерге қоюға мәжбүр. Аула тұрғындары мәселені айтып, құзырлы органдардың табалдырығын тоздырған. Әзірге нақты жауап жоқ. Көктемде басталған жұмыстың күзге дейін аяқсыз қалғанына наразы. Қашан, кім жалғастыратынын білгісі келеді. Мәселені айтып, қала әкімдігіне хабарласып көрдік. Бірақ, екі күннен бері шенділерде үн жоқ. Біздің де сауалымызды жауапсыз қалдырды.Количество показов: 18
Дата создания: 10.09.2025 08:41:50