Аудан әкімдерімен халық кездескісі келмей ме?
Астана ауданының әкімі Алтын орда тұрғын алабының халқымен кездесті. Мұнда мыңдаған тұрғын мекендейді. Бірақ бүгінгі кездесуге келгендердің қарасы аз. Жиырмаға жуық келушінің жартысына жуығы әкімдік өкілі. Үшінші күн қатарынан есеп беріп жүрген аудан басшысының есебі қарашаға қажет емес пе әлде хабарсыз қалды ма? Мұның жауабы белгісіз. Дегенмен, бүгінгі есеп беру жиынына шағымдарымен келгендер де бар. Алтын Орда тұрғыны көшесінде жарық шамдарының жоқ екенін айтады. Қаланың ортасында тұрып жатқанымды қайтейін, түнде тас түнек,-дейді ол. Екінші мәселесі - қар шығару. Аула алды толған қар. Көктемде бұл қар алынбаса, үй алды суға кетеді. Бүгін осы мәселені көтеруге келіп қалдым,- дейді тұрғын. Халықпен кездесуде Баянбек Қырықбаев былтыр атқарылған жұмыстары мен биылғы жоспарлары туралы айтты. Әкім сөзін жақында ашылған инклюзивті жандарға арналған "Қуат" спорт кешенінен бастады. Астана ауданы басшысының халықпен кездесуіне бүгін 3-ші күн. Есеп беріп, кейін тұрғындардың арыз-шағымы мен ұсыныстарын тыңдайды. Қандай жұмыстар қолға алынады, оны да айтады. Тұрғындар өз тарапынан мұндай кездесуде мекен-жайлары бойынша орын алып жатқан мәселелерді көтеруге болады.Количество показов: 6
Дата создания: 06.02.2026 07:34:36



















