Қауіпті ағаш!
Шаһардағы Ливенцов көшесі мен Жеңіс даңғылының қиылысында биік ағаш құлағалы тұр. Тұрғындардың жүруіне кедергі. Ал, ақтөбеліктер қауіпті ағаштың маңынан өтуге мәжбүр. Өзге жол жоқ. "Үстімізге құлап кете ме" деп алаңдаулы. Айтуларынша, айналада талдар мен бұталар жиі сынады екен. Тұрғындар қалашығындағы ағаштардың көбі жарты ғасырға жуық уақыт бұрын отырғызылған. ҚАзір құлау қауіпі жоғары. Сынып, өзге ағаштың бұтасына ілініп тұрғандары да жетеді. Ал, шенділер сынған ағаш туралы біздің редакциямыздан білді. Бүгін "мәселені шешеміз" деп уәде берді. Алдағы уақытта да кез келген жағдайда тұрғындар хабарласса, мәселені шешуге тырысатындарын жеткізді. Астана ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері егер тұрғын үйдің ауласында ағаш сынып, құласа, оған тұрғындар жауапты екенін ескертеді. Жергілікті тұрғындар оны кесіп, көлікпен қала сыртына шығарулары керек.Количество показов: 17
Дата создания: 06.09.2025 09:11:10